Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің
«Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2026 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
«Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстанның ботаникалық бақтарына дәстүрлі емес жабайы дәрілік өсімдіктерді кешенді зерттеу, олардың генетикалық ресурстарын жинақтау және парафармацевтикалық өнімдер әзірлеуге арналған биоинформациялық дерекқор құру» (2025-2027 жж.) жобасы бойынша ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындауға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу
Құрметті әлеуетті жеткізушілер!
Бағалық ұсыныстар оқылатын түрде болуы, басшы немесе уәкілетті тұлға қол қоюы, сондай-ақ (бар болған жағдайда) мөрмен куәландырылуы қажет. Құжатта шығыс нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс. Әр позицияның бағасы теңгемен көрсетілуі керек, ШҚО, Риддер қаласы, Ермаков көшесі, 1 мекенжайына дейін жеткізу құнын қоса есептегенде. Сонымен бірге бағалық ұсыныста төлем шарттары мен жеткізу (қызмет көрсету) мерзімдері көрсетілуге тиіс. Бағалық ұсыныстарды altai_bs@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Хабарландыруда көрсетілген уақыттан кейін жіберілген бағалық ұсыныстар қарастырылмайды.