Сумбембаев Айдар Айтқазыұлы, геоботаника бойынша PhD докторы.
Алтай ботаникалық бағы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының 1935 жылғы 7 қаңтардағы №1/2 қаулысымен құрылды.
Ел Үкіметінің 2007 жылғы 10 қарашадағы No1074 қаулысы негізінде Алтай ботаникалық бағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енді.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты – ғылыми зерттеулер жүргізу,өсімдіктердің құндылығы туралы жаңа білім алу, генофондты байыту мақсатында фитоинтродукция мен ботаника саласында іргелі, қолданбалы және инновациялық жүргізу; перспективалы интродукцияларды көбейту технологиясын әзірлеу, ел заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін ұйымдастыру және іске асыру.
Негізгі ғылыми бағыттар – өсімдіктердің құндылығы туралы жаңа білім алу үшін фитоинтродукция мен ботаника саласында іргелі, қолданбалы және инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; генофондты байыту, перспективалы интродукцияларды көбейту технологиясын әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін ұйымдастыру және іске асыру.