ҚР ҒЖБМ ҒК «Алтай ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК-ның
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ішкі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы ҚР ҒЖБМ ҒК «Алтай ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ішкі ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы №143 «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру мен жұмыс тәртібін айқындайды.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысын ұйымдастыру
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет (бұдан әрі – Қызмет) Кәсіпорынның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
- Қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңды, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы ішкі ережені және Кәсіпорынның ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
- Қызметтің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оған сатып алуға, қаржыға, бухгалтерлік есепке, кадрлық және шарттық жұмысқа, мүлікті басқаруға, ішкі аудитке, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қызмет тарапынан мониторинг жүргізілуге жататын процестерді құқықтық сүйемелдеуге байланысты функциялар жүктелмейді.
- Қызмет Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
- Қызмет өкілдері уәкілетті органдар мен комплаенс саласындағы кәсіби ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға тиіс.
3-тарау. Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
- Қызметтің негізгі міндеттері:
1) Кәсіпорынның және оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
3) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
- Қызмет мынадай функцияларды орындайды:
1) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган мен Кәсіпорынның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға қатысады;
4) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды төмендету мен жою бойынша қабылданатын шараларға мониторинг жүргізеді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді;
6) жұмыскерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауына бақылауды қамтамасыз етеді;
8) Кәсіпорын ұжымында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның орындалуына мониторинг жүргізеді;
10) тармақша 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
10) мүдделер қақтығысын анықтау, оған мониторинг жүргізу және оны шешу жөніндегі шараларды қабылдайды;
10 тармақша 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өз құзыреті шегінде мүдделер қақтығысын анықтау, оның алдын алу және оны реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
11) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
11) ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысының болуы туралы жазбаша сұрау салуларды, хабарламаларды және келіп түскен өзге де ақпаратты қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екені туралы қорытынды шығарады;
12) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
12) ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысы болған жағдайда, мүдделер қақтығысы туындаған тұлғаны, оның тікелей басшысын және (немесе) өзге де мүдделі тұлғаларды бір мезгілде хабардар ете отырып, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлғаға оны реттеу жөніндегі ұсынымдар қамтылған қорытындыны ұсынады;
13) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
14) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
14) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мәселелерін регламенттейтін құқықтық актілердің ережелерін түсіндіреді;
15) контрагенттердің сенімділігіне кешенді тексеру жүргізеді;
16) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және оларға қатысады;
17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістерге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасына мониторинг және талдау жүргізеді;
18) Кәсіпорын жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігін бағалайды;
19) Кәсіпорын басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ішкі процестердің тиімділігін арттыру жөнінде міндетті түрде қаралуға жататын ұсынымдар енгізеді;
20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Қызмет мынадай шектеулер мен талаптардың сақталуына мониторинг жүргізеді:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауы;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын сақтауы;
3) тармақша 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
3) Қазақстан Республикасының мүдделер қақтығысының алдын алу және оны шешу жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтау;
3) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
- Қазақстан Республикасының мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтау;
4) тармақша 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және (немесе) жекжаттарымен бірге қызмет істеуіне тыйым салуды сақтау.
4) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
4) Заңның 14-бабында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен, жекжаттарымен және (немесе) өздерімен байланысты басқа да адамдармен бірге қызмет істеуіне тыйым салуды сақтау;
5) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі:
5) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жеке мүдделері болған кезде шешімдерді қарауға, талқылауға, дайындауға немесе қабылдауға қатысуына не шешімдерге өзге де тәсілмен ықпал етуіне, сондай-ақ Заңның 15-3-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруына тыйым салуды сақтауы;
6) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі:
6) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың өздері лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыратын ұйымда не оның бақылауындағы ұйымдарда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілдік етуіне тыйым салуды сақтауы;
7) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі:
7) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың атқаратын немесе бұрын атқарған лауазымының артықшылықтарын жеке мүдделеріне пайдалануына тыйым салуды сақтауы;
8) қызметтік өкілеттіктерге кіретін әрекеттер үшін материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, көрсетілетін қызметтерді алуға және (немесе) беруге тыйым салуды сақтау;
9) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе иелену мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салуды сақтау;
10) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, оның ішінде интернет-ресурстар желілерін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салуды сақтауы;
11) бұрын мемлекеттік қызметте лауазымдар атқарған адамдарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, олармен еңбек шартын жасасу және оларды жұмысқа орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.
- Қызмет өз құзыреті шегінде:
1) өкілеттіктерін орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады;
2) цифрлық жүйелер мен деректер базаларына қол жеткізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын, қызметтік тексерулер мен қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге қатысады;
4) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғадан, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде басқа да тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді;
7) тармақша 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі:
7) жеке мүдделер туралы декларацияларды талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған өзге де ақпаратты зерделеу арқылы мүдделер қақтығысын анықтауды жүзеге асырады.
4-тарау. Қызметтің жұмыс тәртібі
- Қызметтің жұмысы Кәсіпорын басшысы бекітетін жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
12) тармақ 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
- Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, оқыту өткізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
12) тармақ 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
- Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, мүдделер қақтығысын анықтау, оқыту өткізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
13) тармақ 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
- Қызметтің ұсынымдары Кәсіпорын басшысына немесе тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және Кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде міндетті түрде қаралуға жатады.
13) тармақ 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
- Қызметтің ұсынымдары мен қорытындылары, оның ішінде ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екені туралы қорытындылар және оны реттеу жөніндегі ұсынымдар квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлғаға немесе тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті түрде қаралуға жатады.
14) тармақ 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
- Ұсынымдарды қарау қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер Қызметке қабылданған шаралар туралы хабарлайды не оларды орындаудың мүмкін еместігі туралы уәжді негіздеме ұсынады.
14) тармақ 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
- Ұсынымдар мен қорытындыларды қарау қорытындысы бойынша Кәсіпорын басшысы, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлға немесе құрылымдық бөлімшелер Қызметке немесе Жауапты тұлғаға қабылданған шаралар туралы хабарлайды не оларды орындаудың мүмкін еместігі туралы уәжді негіздеме ұсынады.
15) тармақ 31.12.2026 жылға дейін мынадай редакцияда оқылсын:
- Қызмет Кәсіпорын басшысына жылына кемінде бір рет анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.
15) тармақ 01.01.2027 жылдан бастап мынадай редакцияда қабылдансын:
- Қызмет Кәсіпорын басшысына жылына кемінде бір рет анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар, мүдделер қақтығысы жағдайлары және оның алдын алу мен оны реттеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.
- Қызметке келіп түскен құжаттар, өтініштер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы, коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптары сақтала отырып қаралады.
- Кәсіпорын басшысы өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз етеді және бағынысты адамдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауын болдырмау жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
- Қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
- Қызмет туралы ереже Кәсіпорынның ресми сайтында орналастырылады және жұмыскерлердің назарына жеткізіледі.
- Қызметтің Жауапты тұлғасы туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), фотосуреті және байланыс деректері ұйымдардың ғимараттарында жұртшылықтың көруіне қолжетімді орындарда және ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
- Қызметтің жұмысына кедергі келтірілген, ақпаратқа қол жеткізу негізсіз шектелген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға.
- Қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
- Қызмет тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпарат жібереді.